Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы Жалпы дебаттарының ашылуына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Жалпы дебаттардың ашылуы барысында БҰҰ-ның Бас хатшысы, Бразилия, АҚШ, Мысыр, Түркия, Нигерия, Мальдив, Катар, Швейцария, Хорватия, Боливия, Иордания, Оңтүстік Корея, Буркина-Фасо, Франция, Чили, сондай-ақ, Босния және Герцеговиния елдерінің көшбасшылары сөз сөйледі", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебаттарында Нью-Йорк уақыты бойынша 24 қыркүйектің екінші жартысында, сағат 17.30-да сөз сөйлейді деп жоспарлануда.