БҰҰ: Әлемде 5 жасқа толмаған 45 млн бала аштықтан зардап шегіп отыр

7 Шілде 2022, 20:50
1480
Бөлісу:
БҰҰ: Әлемде 5 жасқа толмаған 45 млн бала аштықтан зардап шегіп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамзат 2030 жылға қарай аштықпен күресте жеңіп шығу межесінен алыстап барады. Бұл туралы БҰҰ «Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану саласындағы істердің қағидалары 2022» атты жаңа баяндамасында мәлімдеді. 

Былтыр азық-түлік тапшылығынан зардап шеккен адамдардың саны 46 млн-ға ұлғайып, 828 млн адамға жеткен. Егер пандемия басталғанға дейін аштықтың зардабын тартқандардың қатары тағы да 150 млн адамға толыққан. 

Сарапшылар азық-түлік себетінің құны мен дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі тұрғындардың емдәмге қолжетімділігін есептей келе, аштықпен күресте жеіңстің ауылы алыстап бара жатқанын болжап отыр. 

Ұйым жер бетінің 2,3 млрд тұрғынының үштен бір бөлігі қандай да бір деңгейде азық-түліктің жеткіліксіздігімен бетпе-бет келетіндігін айтты. Бұл коронавирус пандемиясы басталғанға дейінгі есеппен салыстырғанда 350 млн адамға көп. 924 млн адам азық-түлік жетіспеушілігін қатты сезінуде. Аштықтың тауқіметін тартып жүргендер арасында ерлерге қарағанда әйелдер басым. Ал 5 жасқа толмаған 45 млн бала созылмалы аштықтың ең ауыр салдарын бастан кешіп жатыр. Бұл бала өлімі қатерін 12 есеге көбейтті.  

Өзгелердің жаңалығы