Әлемде кейінгі бірнеше айда босқындар саны 120 миллионнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz сілтеме жасап.
Бұл былтырмен салыстырғанда 8 миллион адамға көп. Сарапшылар мигранттардың күрт өсімін әлем елдерінде қарулы қақтығыстардың көбеюімен байланыстырады.
Босқындардың басым бөлігі Ауғанстан, Сирия, Судан азаматтары.