Ыдырысов Алмаз Серікболұлы 21 тамыздан бастап Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алмаз Серікболұлы 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2003 жылдан бастап Астана қаласы «Казавтожол» Республикалық мемлекеттік кәсіпорында техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2006 жылдың наурыз айынан бастап Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2014 жылдың мамыр айынан бастап Астана қаласы «Казавтожол» Акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2022 жылдың маусым айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі болып еңбек етті.