Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бұрынғы вице-министр Ақмәди Сарбасов ұсталды

Олжас АДАЙ
1 Шілде 2025, 12:08
3080
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Бұрынғы Еңбек вице-министрі, кейін Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы болған Ақмәди Сарбасов ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты растайды. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетіп жатыр, - делінген хабарламада.

Биыл Ақмәди Сарбасов сәуір айында Еңбек вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Өзгелердің жаңалығы