Бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

1 Сәуір 2024, 15:10
628
Бөлісу:
Бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті.

2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015–2018 жж. — Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі;

2018–2022 жж. — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

2022 жылдың 11 қаңтарынан 2024 жылғы ақпанға дейін — Қазақстан Республикасының Премьер-министрі.

Өзгелердің жаңалығы