Бұрынғы спорт министрі жаңа қызметке тағайындалды

23 Қыркүйек 2024, 17:40
412
Бөлісу:
Бұрынғы спорт министрі жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында хабарланды.

Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «Тұран» университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары – ҚР Туризм және спорт министрі қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы