Әлеуметтік желілердегі жазбалар бойынша, жуырда бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.
Дереккөздер бойынша Тұрғымбаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген бап негізінде қозғалған іс бойынша ұсталғандығын жазуда. Дегенмен ресми орган әзірге мәлімдеме берген жоқ.
Айта кетейік, 20 наурызда экс-министрден прокуратурада жауап алынған болатын.
Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарып, қаңтар оқиғасынан кейін, 2022 жылдың ақпанында қызметінен босатылған болатын. Осыдан кейін ол алты айға жуық Президент кеңесшісі болды, ал 2023 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ РАТС) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кеңесшісі болып тағайындалған.