Бұрынғы бірінші вице-министр Әнуар Ахметжанов ҚТЖ-ға қызметке тұрды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды.</h4> <br> <p> </p>

 7 Шілде 2021 2021, 13:42
7 Шілде 2021 2021, 13:42
2305

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды.

Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметке тағайындалғанға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды.

Әнуар Ахметжанов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джонс Хопкинс Университетінің (Вашингтон, АҚШ) түлегі. «Энергетикалық ресурстар және технологиялар», сонымен бірге «Халықаралық қаржы» мамандықтары бойынша магистр дәрежесі бар.

 


Наверх