Бұрын "Тиолайн" ЖШС-ін басқарған азаматқа іздеу жарияланды

14 Ақпан 2025, 21:50
327
Бөлісу:
Бұрын "Тиолайн" ЖШС-ін басқарған азаматқа іздеу жарияланды
Фото: архив

Сот шешімімен Қазақстан Республикасының азаматы 06.05.1983 жылы туған Садвақасов Тимур Хабдуллаұлына іздеу жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Бұрын "Тиолайн" ЖШС-ін басқарған азаматқа іздеу жарияланды

Ол аса ірі көлемде қылмыстық іс қозғау мәселесін оң шешу үшін мемлекеттік қызметшілерге пара беруге үгіттегені және алаяқтық жасады деп күдіктелуде.

Атап айтқанда, “Тиолайн” ЖШС-ін басқарған кезеңде Долгалев В.И. пен басқа да құрылтайшылар арасында “Обуховское” кен орнына қатысу үлесі мен оның табысын бөлуге байланысты келіспеушіліктер туындаған, олар сот арқылы шешілген.

Өз кезегінде Долгалев В.И. Садвақасов Т.Х. арқылы құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларын белгілі бір компания құрылтайшыларына қарсы қылмыстық іс қозғау үшін пара беріп сатып алуға тырысты. Бұл олардың заңды талаптарынан бас тартуына және оларға қысым көрсетуге бағытталған әрекет болды.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті “Тиолайн” ЖШС-нің “Обуховское” кен орнында өз бетінше пайдалы қазбалар өндіру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда.

Осыған байланысты Садвақасов Т.Х. бастапқыда шығарылған ақтау үкімінің күші жойылғаннан кейін соттан жасырынды.

Садвақасов Т.Х.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ҚМА ақпарат берген адам үшін анонимділік пен сыйақы кепілдендірілгенін жазды.

Егер іздеуде жүрген азаматтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментіне келесі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:

+7-7152-46-98-18 – кезекші бөлім

📞 Call-center: 1458

Анонимділік пен сыйақы кепілдендірілген, - деп жазылған.

Өзгелердің жаңалығы