Бұрын КВИ жұқтырған адамға вакцина салына ма?

2 Сәуір 2021, 17:12
2223
Бөлісу:
Бұрын КВИ жұқтырған адамға вакцина салына ма?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы вакцинаны салу мәселесі жайлы баяндады.

Вакцина салдыру үшін антиденеге скринингтен өтудің қажеті жоқ. Коронавирустың симптом белгілерінсіз және жеңіл түрімен ауырғандар вирус жұққан сәттен 3-4 апта өткен соң вакцина ала алады. Ал КВИ ауырып жүрген адамдар 6 айдан кейін вакцина салдыра алады. Бұл кезде ағзадағы антидене әлсірейді, - деді ол.

Сондай-ақ ол қаладағы уақытша екпе салатын орындар санитарлық нормаға сәйкес болу керектігін жеткізді. Бұл бағытта қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық әкімдіктермен бірге жұмыс атқарып жатыр екен

Уақытша екпе салу орны алдымен компьютермен қамтылу керек. Екпе алған адамды бірден базаға енгізіп отыру қажет. Сондай-ақ адамдарды тексеретін орын болу керек. Оған қоса екпе салатын жерге медбике мен вакцина алушыдан өзге ешкім жіберілмейді. Ол жерде вакцинаны сақтайтын тоңазытқыш болу керек, бұл вакцина минус 18 градуста сақталады. Вакцина алып болған адам 30 минут көлемінде жеке бөлмеде дәрігерлердің бақылауында болады, - деді Қалықова.
Еске салсақ, Алматыда қандай сауда үйлерінде вакцина салынатыны белгілі болды.
Өзгелердің жаңалығы