"Бурылбайтал-Меркі" тас жолы биыл пайдалануға беріледі

5 Сәуір 2020, 11:43
3382
Бөлісу:
"Бурылбайтал-Меркі" тас жолы биыл пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Меркі-Бурылбайтал" тасжолы биыл ашылады, деп жоспарланған. Бұл туралы ҚР ИИДМ хабарлады.

Ұзындығы 262 шақырымдық "Меркі-Бурылбайтал" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Ол Жамбыл облысына қарасты Тәтті, Шу және Бірлік елді мекендерін айналып өтуге мүмкіндік береді. Тасжолды қайта жаңарту жобасына сәйкес, Меркіден Шуға дейінгі 86 шақырымдық жол учаскесі 4 жолағы бар І техникалық санатқа жатқызылатын болады. Ал ұзындығы 176 шақырымды құрайтын Шу қаласының бұрма жолынан Бурылбайталға дейінгі жол учаскесі 2 жолағы бар ІІ техникалық санатқа сәйкестендірілмек, - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде. 

Жоба бойынша елді мекендер жанында 6 көпір, 3 теміржол өтпесі, жарықтандырылған 11 жол айырығы, 276 құбыр, демалыс алаңдары, сондай-ақ автопавильондар салынады. 

Бүгінге дейін 2,6 млн текше метрден астам жермен байланысты жұмыстар орындалды. 80 су өткізу құбыры мен 11 мал өткелі салынды. Жол өткелдері, көпірлер мен жол айырықтары сияқты 18 жасанды нысанды салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тасжолды қайта жаңарту жұмыстарына 607 техника мен 1500 жұмысшы жұмылдырылған. Аталмыш жолдағы қозғалыс 2020 жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы