Еліміздің бірнеше облысында бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады

13 Тамыз 2019, 16:07
1738
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады.

"14-15 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15 тамызда желдің екпіні 25 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында 14-15 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп болжануда. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді", - делінген хабарламада.

14 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.

Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

"14 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады. 14-15 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында 14-15 тамызда найзағай ойнап, бұршақ жауады", - дейді синоптиктер.



Өзгелердің жаңалығы