Бұршақ, қатты жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

9 Шілде 2024, 22:50
4216
Бөлісу:
Бұршақ, қатты жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

10 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді желсоғады, солтүстік-батыста, шығыста, алоңтүстік-шығыстағы тауларда қатты жаңбыр жауады.

Тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауарайы күтіледі, республиканың солтүстігінде және шығысында түнде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау мен Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облысының батысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облыстарының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында, солтүстігінде, Атырау орталығында, Батыс Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбенің батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облыстарының шеткі шығысында өрт қаупі сақталады.

Астанада 10 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 34-36 градус жылы.

Өзгелердің жаңалығы