Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың батысында көбінесе жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын болуы ықтимал.Алматы облысында түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман көктайғақ, бұрқасын күтіледі, кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында жел 17-22 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, көктайғақ болады.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.