Бұрқасын, көктайғақ: 7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

7 Ақпан 2024, 08:48
1408
Бөлісу:
Бұрқасын, көктайғақ: 7 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Артём Чурсинов -архив

Синоптиктер 7 ақпан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазгидромет» мамандарының болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған Скандинавия аймақтарынан келетін орасан зор циклон әсер етеді деп күтілуде.

Бірқатар өңірде жаңбыр, қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын болады, қатты жел тұрады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының батысы мен солтүстігі, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі, батысы, Жамбыл облысында таулы аймақтарда, Түркістан облысында дауыл соғады.

Өзгелердің жаңалығы