Бұрқасын, көктайғақ. Синоптиктер 10 облыс тұрғынына дауылды ескерту жасады

3 Наурыз 2021, 18:25
1941
Бөлісу:
Бұрқасын, көктайғақ. Синоптиктер 10 облыс тұрғынына дауылды ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.

Түнде 5 наурызда Жамбыл облысында кей жерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. 4-6 наурызда кей жерде тұман, көктайғақ, 5 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі. 4-6 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с, 4-5 наурызда екпіні 23 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 4-6 наурызда кей уақытта тұман, 4-5 наурызда көктайғақ, 5 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

Петропавл қаласында 4 наурызда бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

4 наурызда Қарағанды облысында кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 наурызда Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қостанай қаласында 4 наурызда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

4 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман, күндіз кей жерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с.

4 наурызда Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында 4 наурызда кей уақытта жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 наурызда Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

4 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с.

Орал қаласында 4 наурызда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

4 наурызда Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында 4 наурызда көктайғақ , түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

4 наурызда Атырау облысында кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады кей жерде 15-20 м/с.

Атырау қаласында түнде 4 наурызда тұман күтіледі. Кей уақытта көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы