"Бурабайдағы Хогвартс": Ауыл оқушылары туралы телехикаяның тұсаукесері өтті

Бөлісу:
"Бурабайдағы Хогвартс": Ауыл оқушылары туралы телехикаяның тұсаукесері өтті
PHOTO
Фото: автордан

Елордада танымал “Каникулы OFF-Line” франшизасы иелерінің жаңа жобасы – “IQanat OFF-Line” телехикаясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Хикая Қазақстанның үздік мектептерінің бірі – IQanat-қа оқуға түскен ауыл баласының өмірін суреттейді.

Оқиға сюжеті оның мамандық таңдау туралы шешімінің айналасында құрылған, бұл ауыл балалары үшін білім алу мүмкіндігінің маңызын айшықтайды.

11-сынып оқушысы Әлім Елемес кинода қандай рөлді сомдағанын және телесериалға түсу тәжірибесі жайлы айтты.

"Бурабайдағы Хогвартс": Ауыл оқушылары туралы телехикаяның тұсаукесері өтті

Әлім Алматы облысы Іле ауданының тумасы. Ол 2022 жылы IQanat-тың грантын жеңіп алып, биылдан бастап осы мектепте оқып жатыр.

Бұл телесериалға түсу тек маған емес, IQanat-тың барлық оқушысына үлкен тәжірибе болды. Себебі қарапайым ауыл мектебінен келген балаларға 10-сыныпта бірден үлкен жобаға қатысу – бұл таң қалатын дүние. Тіпті мұның болып жатқанына кейде сене алмайсың. Киноға бірінші рет түсіп тұрмын, - дейді ол.

"Бурабайдағы Хогвартс": Ауыл оқушылары туралы телехикаяның тұсаукесері өтті

Әлім Елемес болашақта ұсыныстар болса, киноға түсуден бас тартпайтынын айтты. Әлім сабақ болғандықтан киноға басты рөлдерді сомдауға оқушылардың болмағанын қоса кетті. Сол себепті балалар эпизодтық немесе екінші пландағы рөлдерге түскен. Әлім эпизодтық рөлге түскен. Оқушының сөзінше, мектепте білім жоғары, ұстаздармен оқушылардың қарым-қатынасы өте жақсы. Ауыл балалары біле білмейтін ақпараттарды осы мектептен үйрене бастаған.

"Бурабайдағы Хогвартс": Ауыл оқушылары туралы телехикаяның тұсаукесері өтті

Жоба режиссері Эрнар Құрмашев телесериалды түсіруге 9 айдай уақыт кеткенін айтты.

Телесериал 16 бөлімнен құралған. Әр бөлім 25 минутқа созылады. Хикаяны көрермендер QAZAQSTAN телеарнасы мен YouTube-тен көре алады.

Хикаяның бірегей ерекшеліктерінің бірі – оған кәсіби актерлер емес, балалар түскен. Ал көпшілік қатысқан көріністерден Бурабайдағы IQanat мектебінің актерлік тәжірибесі жоқ, нағыз оқушыларын көруге болады. Ол хикаяны барынша шынайы әрі қызықты ете түскен.

Жоба режиссері – “Айман және Шолпан”, “Аңшы бала”, “Посмотри мне в глаза” және Пусан кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алған “Жаңғақ ағашы” арқылы танымал Ерлан Нұрмұхамбетов.

"Бурабайдағы Хогвартс": Ауыл оқушылары туралы телехикаяның тұсаукесері өтті

Бұған дейін БАҚ өкілдері түсірілім алаңында болып, актерлермен әңгімелесіп, сериалдың ерекшелігі жайлы білген еді.

Өзгелердің жаңалығы