6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің келуімен 3 қабатты "Алматы" қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды. Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өрт сағат 12:35-те оқшауланған.