Бурабайда "Біз біргеміз" атты жас өнерпаздардың концерті өтеді

14 Мамыр 2024, 20:40
542
Бөлісу:
Бурабайда "Біз біргеміз" атты жас өнерпаздардың концерті өтеді
Фото: Концертті ұйымдастырушылар мұрағатынан

"Балдәурен" Республикалық оқу сауықтыру орталығында "Біз біргеміз, Балдәурендіктер" атты қайырымдылық концерті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Балдәурен" Республикалық оқу сауықтыру орталығы, еліміздің жас дарындары ұйымдастырған қайырымдылық концертін өткізеді. Шара 18 мамырда "Балдәурен" концерт залында өтеді.

Қазақ эстрадасының жас жұлдыздары еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аудандарынан келген демалушы балаларға өз өнерлерін паш етіп, еліміздің күші бірлікте екенін көрсетіп, балдәурендік достарына қолдау жасауды көздеп отыр.

Бурабайда "Біз біргеміз" атты жас өнерпаздардың концерті өтеді
Концертті ұйымдастырушылар мұрағатынан

Қайырымдылық концертін ұйымдастырушылар қатарында «Балалар Евровидение 2021» - финалисті, Крым-Артек аренасы- «Детская новая волна -2022»-лауреаты, елордалық №66 мектептің 8 сынып оқушысы Айғаным Амантай бар.

Кеш қонақтары Халықаралық конкурстардың жүлдегерлері, еліміздің жас талантары - Ержан Максим, Ерсұлтан Омар, Далия Смагулова, Алиасқар Мұратов, Жасмин Шиманова.

Концерт табиғи апат салдарынан қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету мақсатында өтеді.

Қазір "Балдәурен" Республикалық оқу сауықтыру орталығында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқынынан зардап шеккен аудандарының бүлдіршіндері дем алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы