Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бурабайда 7 адам құтқарылды

5 Қаңтар 2025, 07:50
576
Бөлісу:
 Арман Мухатов  -архив
Фото: Арман Мухатов -архив

Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері 7 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бүгін таңертең Бурабай кентінде қатты боран салдарынан 7 адам болған жеңіл автокөлік жол шетіне сырғып, өздігінен шыға алмаған.

ТЖМ қызметкерлері құтқарылғандарды Щучинск қаласының жылыту пунктіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Жолдың шетіне көлікпен сырғып кеттік. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, ауа-райының қолайсыздығынан алыс жолдарға шықпауға тырысыңыз. Бізде жағдай жақсы, рақмет сіздерге, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы