Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Бурабай" ұлттық паркінде браконьерлер ұсталып, 178 келі балық тәркіленді

10 Маусым 2025, 08:10
291
Бөлісу:
 Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Фото: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысында браконьерлікпен айналысқан үш азамат ұсталып, олардан 178 келі заңсыз ауланған тұқы, торлар мен резеңке қайықтар тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы ПД мәліметінше, рейд барысында "Бурабай" ұлттық паркінің аумағында Жүкей көлінің маңында "ГАЗель" және "Audi 80" көліктері тоқтатылған. Олардың ішіндегі азаматтардың Қарағанды, Түркістан облысы және Шымкент қаласынан келгені анықталды.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары заңсыз балық аулауға арналған құралдарды – бірнеше тор мен резеңке қайықтарды, сондай-ақ 178 келі тұқы балығын тапты.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы