Бурабай мен Зерендіде уақытша блок-бекеттер қойылады

20 Маусым 2020, 06:37
1304
Бөлісу:
Бурабай мен Зерендіде уақытша блок-бекеттер қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қосымша шектеу шараларын енгізуге байланысты туристік аймақтар алдағы демалыс күндері – 20-21 маусымда жабылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ішкі саясат департаментінің мәліметінше, Бурабай мен Зеренді елордаға жақын орналасқан санаторий-курорттық орындар болғандықтан, демалыс күндері демалушыларды қабылдамайды.

Жергілікті Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының хабарлауынша, 19 маусымда сағат 18:00-ден бастап осы демалыс орындарының кіре берістеріне 9 блок-бекет орнатылады.

Щучинск - Бурабай курорттық аймағында 6 блок-бекет жұмыс істейді. Демалыс күндерін өткізгісі келетіндердің саны аптаның соңында күрт артады. Негізінен, Нұр-Сұлтан мен Көкшетаудан демалғысы келетін адамдар бізге келеді. Біз демалушыларды шектеу бойынша қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз және осы күндері Бурабайға сапар шегуден бас тартуды сұраймыз, – деді басқарма бастығы Серәлі Жолдасбаев.

Тағы бір туристік аймақ – Зерендіде 3 блок-бекет қойылады. Алайда, қазіргі уақытта Бурабай мен Зеренді аймағында жүрген туристер өз демалысын жалғастырып, санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы