Бұқтырма су қоймасынан жеті бала мен алты ересек эвакуацияланды

Құтқарушылар қайықпен жағалауға жете алмай қалған 13 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.

 ТЖМ Бүгiн 2026, 11:17
Бүгiн 2026, 11:17
116
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Бұқтырма су қоймасының арғы жағалауында ауа райының күрт бұзылуына байланысты қалып қойған 13 демалушының құтқарылғанын хабарлады.

Оқиға Алтай ауданында болған. Ведомствоның мәліметінше, демалушылар тобы жүзу құралдарымен су қоймасының арғы бетіне өткен. Алайда қатты жел көтеріліп, толқын күшейгендіктен, олар өз күштерімен кері қайта алмаған.

Оқиға орнына құтқару қызметінің мамандары жедел жетті. Құтқару операциясы барысында жағалауға 13 адам, оның ішінде жеті бала аман-есен жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі эвакуацияланғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмағанын мәлімдеді.

Құтқарушылар азаматтарды суға шығар алдында міндетті түрде ауа райы болжамымен танысып, дауылды ескертулерді ескеруге шақырды. Жел күшейіп, су айдындарында толқын көтерілген жағдайда жүзу құралдарымен суға шықпауға және мүмкіндігінше тезірек жағалауға оралуға кеңес берді.

Наверх