Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді

17 Қаңтар 2024, 14:53
564
Бөлісу:
Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді
Фото: BAQ.KZ -архив

Катонқарағай ауданына қарасты Барлық ауылының тұсындағы Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтеріліп кетті. Жергілікті атқарушы органдар жағдайды бірден бақылауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше кешкі сағат 19.00-де мұндағы судың деңгейі 335 см-ге жетті. Сағат 20.00-ден бастап 330 см-ге дейін біраз төмендеген. Жалпы судың қауіпті деңгейі – 300 см.

Катонқарағай ауданының әкімі ТЖ бөлімінің басшысымен және Қазгидромет өкілімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Өзен суы арнасынан тасымады, бөгеттен аспаған, әзірге су басу қаупі жоқ. Жағдайды бақылауда ұстау үшін ШҚО ТЖД-нің 4 қызметкері сол жерде тікелей мониторинг жасап отыр, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы