Оқу-ағарту министрлігі барлық білім беру ұйымдарында қолданылатын буллингке қарсы бірыңғай бағдарлама әзірлеуді қолға алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Бағдарлама аясында балаларға буллингтің не екені түсіндіріледі. Балалар мен мұғалімдер бір-бірін түсініп, мәселелерді бірге шешуді үйренеді. Балалардың жалғыз емес екенін білуге тиіс. Мектептерде проблемалар туындаса, ересектермен сөйлесуге болатын орындар жасалады. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар бірге жұмыс істейді. Аталған бағдарлама тәрбие компонентіне, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарын өткізу бөлігінде болады, - деп түсіндірді ведомство басшысының орынбасары.
Сондай-ақ буллингке қарсы бағдарламаны іске асыру тиімділігінің мониторингі онлайн-модуль және білім беру ұйымдарында буллингтің әкімшілік деректерін ай сайын жинау арқылы жүргізіледі.
Белгілі болғандай, жаңа оқу жылының басынан бастап барлық білім беру ұйымдарында отбасында балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін ата-аналарды қолдау орталықтары құрылады.