«Заң мен тәртіп» идеясын іске асыру аясында елордалық прокуратура мен әкімдік бірлесіп қаладағы білім беру ұйымдарында 8-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін профилактикалық дәрістер өткізді. Бір күн ішінде іс-шаралар астананың 13 мектебі мен 13 колледжінде ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам жас қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесулер барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы топтық қақтығыстардың алдын алу мәселелері қаралды. Сондай-ақ «жеңіл табысқа» тартылу және құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік тақырыбы жан-жақты түсіндірілді.
Ведомствоаралық мобильді топ құрамына прокуратура, ҰҚКД, ПД, Білім басқармасы қызметкерлері мен психологтар кірді. Олар оқушыларға шынайы өмірде және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын көрсетті, сонымен қатар құқықбұзушылық, буллинг және кибербуллингтің салдары туралы бейнероликтер көрсетілді.
Есіл ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Ерасыл Досан заң бойынша қылмыстық жауапкершіліктің 16 жастан басталатынын, кейбір аса ауыр қылмыстар үшін 14 жасқа дейін көзделетінін атап өтті. Оқушылар әр әрекетіне саналы түрде қарауға шақырылды.
Ауқымды профилактикалық жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.