Бұл жылды нәтижелі болды деуге толық негіз бар – Мемлекет басшысы

13 Желтоқсан 2021, 11:27
1665
Бөлісу:
Бұл жылды нәтижелі болды деуге толық негіз бар – Мемлекет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталып жатыр.

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

Қадірлі қауым, ардақты ағайын. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ұлт мерейін өсіретін ұлық мейрам. Біз тарих тұрғысынан алғанда қысқа мерзім ішінде   жаңа Қазақстанның негізін қалады. Тұғыры биік, экономикасы қуатты биік мемлекеттке айналдық. Мұның бәрі ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының жемісі, - деді Президент.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жаңа Қазақстан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

Кез келген табысқа жетуі азаматтарына байланысты бұл - өмірдің заңы. Адам капиталы мен мықты мемлекет барлық қиындықты еңсере алады. Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті. Еңбек ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы деп бекер айтылмаған. Шын мәнінде, біздің бүгінгі жетістігіміз - қазақ халқының ортақ жемісі. Жаңа Қазақстанды өркендеуге азаматтармыздың көбі сүбелі үлес қосты. Бүгінгі мерейлі сәтте еліміздің барша азаматтарына ерен еңбегі үшін зор алғыс айтамын, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы