Бұл сейсмикалық аумақтағы қалыпты құбылыс – Дәулет Сәрсенбаев

5 Қараша 2024, 14:20
480
Бөлісу:
Бұл сейсмикалық аумақтағы қалыпты құбылыс – Дәулет Сәрсенбаев
VIDEO
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Сейсмологтар бүгінгі дүмпу еліміздің жоғарғы сейсмикалық аумағында күнделікті болып тұратын белгілі құбылыс екенін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер" ұлттық ғылыми орталығының директоры мәлімдеді.

5 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.01-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Талғар ауданының аумағында болды. Дүмпу тұрғындарға 3,4 балл көрсеткішінде сезілді. Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғарғы сейсмикалық аумағында күнделікті болып тұратындығы белгілі құбылыс. Құрметті азаматтар, сіздерден тек ресми мәліметтерге сенулеріңізді сұраймын, - деді ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер" ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев.

Алматы облысының білім басқармасы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Есік өңіріндегі 6 мектептің 6 960 баласы және жақын ауылдардағы мектептер мен балабақшалардың балалары үйлеріне қайтарылғанын атап өтті. Талғар ауданында барлығы 42 мектеп бар. Соның ішінде Талғар қаласындағы 10 мектептің 12 529 оқушысы және балабақша тәрбиеленушілері үйлеріне қайтарылды.

Еске салсақ, Алматыда неліктен жер сілкінісіне байланысты хабарландыру болмағаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, жер сілкінісінен кейін Талғарда сабақ тоқтатылғаны белгілі болды. ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды атады.

Өзгелердің жаңалығы