Астанада "Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" атынан Қарақат Әбден дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кандидат таңғы сағат 8.30-да дауыс беру үшін қаланың сол жағалауында орналасқан N135 сайлау учаскесіне ат басын бұрды. Сайлауға дауыс беруге кандидат ата-анасымен келген.
Өздеріңіз білесіздер, мен алғаш сайлау науқанын ата-анамның батасымен бастаған едім. Сондықтан бүгін үйдің үлкендерін сайлауға дауыс беруге ертіп келдім. Бүгін жалпы барлық халық өз отбасыларымен бірге еліміздің болашағына дауыс береді. Елдің бірлігі үшін! Қазақстанымыз гүлдене берсін! Жарқын болашаққа жол салайық! - деп ағынан жарылды Қарақат Әбден.
Қырықтан астам қаланы аралаған кандидаттың айтуынша, халық бұл сайлауда ерекше белсенді.
Бүгін көңіл күйім керемет! Халық өте белсенді. Бәрі елдің болашағына дауыс береді деп ойлаймын. Биылғы сайлаудың ерекшелігі - екі әйел президенттікке үміткер болды. Алдағы жеті жылда демократиялық серпілістерге қол жеткіземіз деген сенімім мол, - деді кандидат.
Айта кетейік, бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.
Қазақстан президенттігіне алты кандидат тіркелді. Атап айтқанда:
Парламенттегі билікшіл үш партия мен ондаған қоғамдық ұйым біріккен "Халық" коалициясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Аманат" кәсіподақтар бірлестігі атынан Жигули Дайрабаев.
"Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" атынан Қарақат Әбден.
"Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Салтанат Тұрсынбекова.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Нұрлан Әуесбаев.