Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Баршаңызды бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке - Отанға адал қызмет етудің, ерлік пен ар-намыстың символы. Мерекеге орай Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 29 қызметкері мемлекеттік наградалармен және арнайы атақтармен марапатталды, - деді ол.
Министр оның ішінде 8 басшы, генерал-майор шенін иеленгенін жеткізді.
Олар қажырлы еңбектің арқасында үлкен жетістікке қол жеткізді. Уақытпен санаспай, күндіз-түні қылмыспен күресті. Әрдайым азаматтарға көмек беріп, қиын кезде батырлық пен ерлік көрсетті.14 қызметкерге марапатты Мемлекет басшысы өз қолымен Ақордада тапсырды.Қалған қызметкерлерге Президенттің тапсырмасымен өзім табыс еттім. Бұл марапат – әр қызметкерге үлкен жауапкершілік жүктейді.Тәуелсіздік алғалы 1567 әріптесіміз мемлекеттік наградалармен марапатталған. Оның ішінде - 144-і ерлікпен қаза тапқан, - деді Тұрғымбаев.
Ол Ғазиз Байтасов, Шалқар Ақымғалиев сынды батыр ұлдардың ерлігі - барша қызметкерлер үшін үлгі екенін айтты.
Осы ретте, бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол көрсетіп отырған ардагерлердің де үлкен үлесін атап өткім келеді. Олардың айтқан ақыл-кеңестері мен мол тәжірибесі жас қызметкерлердің кәсібилігін шыңдап, халықтың сенімінен шығатын полицей болуы үшін зор көмегін тигізуде. Баршаңызды тағы бір мәрте отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік және амандық тілеймін, - деді министр.