«Бұл медаль – осы күнге дейін төгілген тер мен еселі еңбектің өтеуі». Министр Нариман Құрбановты құттықтады

Бөлісу:
«Бұл медаль – осы күнге дейін төгілген тер мен еселі еңбектің өтеуі». Министр Нариман Құрбановты құттықтады
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев Нариман Құрбановты Париж Олимпиадасындағы күміс жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нариман Курбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.

«Бұл медаль – осы күнге дейін төгілген тер мен еселі еңбектің өтеуі». Министр Нариман Құрбановты құттықтады
«Бұл медаль – осы күнге дейін төгілген тер мен еселі еңбектің өтеуі». Министр Нариман Құрбановты құттықтады
«Бұл медаль – осы күнге дейін төгілген тер мен еселі еңбектің өтеуі». Министр Нариман Құрбановты құттықтады

Ол ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысын Қазақстан қоржынына күміс жүлде салғанымен шын жүректен құттықтаймын! Лайықты түрде жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы үшін өте қуаныштымын және осы жүлдеге сүбелі үлес қосқан барлық маманға, жаттықтырушыларға алғыс айтамын. Осы орайда Нариманның жоғары кәсібилігін ерекше атап өткім келеді. Спортшымызға жанкүйерлер үлкен сенім артты, одан медаль күтті. Ал Нариман Құрбанов жанкүйерлердің үмітін ақтап, Қазақстан қоржынына күміс жүлдені салды. Бұл медаль – осы күнге дейін төгілген тер мен еселі еңбектің өтеуі деп білемін. Қазақстандық спортшылар әлемдік аренада кәсіби шеберлігін көрсетіп жатыр деп мақтанышпен айта аламыз. Бұл – Олимпиададағы соңғы жүлдеміз емес екеніне, әлі де Көк туымыз көкте желбірейтініне сенімдімін. Барлығына алғыс айта отырып, Нариманды күміс жүлдесімен тағы бір мәрте құттықтаймын! - деді Туризм және спорт министрі.

Өзгелердің жаңалығы