Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бұл командаға қатты соққы болды – "Қайрат" ФК бапкері "Спортингтен" жеңіліс туралы

Нұрқанат Атажан
19 Қыркүйек 2025, 13:17
438
Бөлісу:
 kazfootball.kz
Фото: kazfootball.kz

Футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин “Қайраттың” “Спортингпен” өткен ойындағы сәтсіздігіне пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бапкердің айтуынша, ойындағы шешуші сәт бес минут ішінде үш гол өткізу болған. Бұл ойыншылардың психологиялық жағдайына ауыр әсер еткен.

Бұл біз үшін өте өкінішті жеңіліс, дегенмен ойында қиын болатынын түсіндік. Ең қынжылтқаны – бес минуттың ішінде үш гол өткізіп алдық. Бұл командаға қатты соққы болды, – деді Уразбахтин.

Ол "Қайрат" бірінші таймда тым енжар ойнап, қарсыласқа қысым жасауға және қауіпті сәттер құруға мүмкіндік бергенін айтты. Тек үзілістен кейін ғана команда ойынды өзгерте алған.

Екінші таймның алғашқы 15 минутында біз бастапқыдан ойнауымыз керек болғандай әрекет еттік. Бірақ қарсыластың жылдам голдары матчтың тағдырын шешіп қойды, 60-минутқа қарай бәрі айқындалды, – деді ол.

Жеңіліске қарамастан, Уразбахтин команда қорытынды жасап, алға оптимизммен қарайтынын атап өтті.

Еске салайық, алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасында лиссабондық "Спортингтен" 4:1 есебімімен ұтылған еді

Өзгелердің жаңалығы