Бұл - еліміз үшін бетбұрыс кезеңі. Тоқаев жаһандық шиеленістер өршіп келе жатқанын айтты

18 Қараша 2021, 15:29
1634
Бөлісу:
Бұл - еліміз үшін бетбұрыс кезеңі. Тоқаев жаһандық шиеленістер өршіп келе жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Індет басталғаннан бері әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаһандық шиеленістер өршіп келе жатыр. Бұл - еліміз үшін бетбұрысты кезең. Алдымызда ұзақмерзімді міндеттер тұр. Біз Қазақстанның халықаралық беделін сақтап, әлемдік аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз. Осыған орай сыртқы саяси жұмыс тәсілдерін қайта саралап, жүйелі шаралар әзірлеуіміз керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент айтқандай, бұл міндет табысты орындалса, ұллттық дипломатия уақыт талабы мен азаматтардың сұранысына сай болады.

Ең алдымен мемлекеттіміздің мүддесін лайықты қорғай аламыз. Сыртқы істер министрлігінің осындай алқа отырысы 6 жылда алғаш өтіп жатыр. Сондықтан біз қордаланған түйіткілдің барлығын мұқият талдап, ақылдасуымыз керек, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы