Бұл дәрігерлерді сақтандыруға бағытталған көптен күткен заң – Елеуов

27 Қыркүйек 2022, 11:36
895
Бөлісу:
Бұл дәрігерлерді сақтандыруға бағытталған көптен күткен заң – Елеуов

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру тетіктерін енгізуге байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліс депутаттары өткен аптада жұмысқа алған болатын.  

Денсаулық сақтау министрлігі осы заң жобасы шеңберінде медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру, санкциялық шараларды төмендету туралы нормаларды ұсынып отыр. Бұл дәрігерлерді сақтандыруға бағытталған көптен күткен заң, – деді Ғ.Елеуов.  

Депутат заң жобасына ұсыныстар беріп, нормалар енгізетінін, бұл заңның әрбір адамға тікелей қатысы бар екенін айтты. 

Мен өзім облыстық аурухананың кезекші хирургынан клиника басшысына дейін барған дәрігермін және тәжірибелі дәрігерлер қандай құқықтық проблемаларға тап болатынын жақсы білемін. Әрине, менің әріптестерім қателіктер жібермеуге тырысуы керек. Біз бұл заң жобасын жұмыс тобында кеңінен талқылауды жалғастырамыз, – деді депутат. 

Сондай-ақ ол, өз кезегінде, біз дәрігерлерді де қорғау керек екенін айтты 

Бізде көптеген білікті дәрігерлер бар. Оларды заңдық және қаржылық жағынан қолдау керек. Сонымен қатар жастарды медицина мамандығына қызықтыра білуіміз қажет. Заң жобасымен жұмыста бұның бәрін ескеретін боламыз, – Ғ.Елеуов. 

Өзгелердің жаңалығы