Бұл бәріміз үшін қиын сынақ – Шәпкенов

18 Сәуір 2024, 15:18
390
Бөлісу:
Бұл бәріміз үшін қиын сынақ – Шәпкенов
Фото: Атырау облысы әкімдігінен

Серік Шәпкенов су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір басшысы Құлсары қаласының су тасқыны кезінде эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті. Олар APEC PetroTechnic колледжі жатақханасында орналасқан эвакуация бөлімшесіне көшірілген.

Бұл бәріміз үшін қиын сынақ. Мемлекет басшысы зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Осыған байланысты материалдық шығынды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия құрылып, жан-жақты көмек көрсетіледі, - деді Серік Шәпкенов.

Қазір эвакуациялау бөлімшесінде 42 адам бар. Оның 25-і балалар. Жатақханада үш мезгіл тамақ, тәулік бойы медициналық бақылау, психологиялық қолдау кабинеті, балаларға арналған ойын бөлмесі қарастырылған.

Жылыой ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына 100 АЕК көлемінде біржолғы көмек берілді. Барлығы 3137 өтініш түсіп, бүгінге дейін 1250 отбасы көмек алды.

Бүгіннен бастап Жылыой ауданында залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмыс істей бастады.

egov.kz электронды үкімет порталы арқылы залалды өтеу туралы өтініш беруге болады.

Өзгелердің жаңалығы