Әлеуметтік желілерде кесілген ағаштар бейнеленген видеожазба тарап жатыр. Осыған қатысты Kazakh Tourism Development бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаевтың мәлімде жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта түсірілім Almaty SuperSki жобасы іске асырылып жатқан аумақта жасалды деген мәлімдемелер қоса берілген.
Ресми түрде мәлімдеймін. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Видеода көрсетілген учаске Almaty SuperSki жобасы іске асырылып жатқан аумаққа да, Көк-Жайлауға да жатпайды. Бүгінгі таңда жоба аясында бірде-бір ағаш кесілген жоқ. Жарияланым авторлары мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамын. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық көзделгенін еске саламын, - дейді Kazakh Tourism Development бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев.
Компания Kazakh Tourism Development сындарлы диалогке ашық және жобаның іске асырылу барысы туралы шынайы ақпарат беруге дайын екенін айтты.