Республика бойынша көктайғақ пен тұман болады –  Қазгидромет

6 Ақпан 2021, 13:31
1567
Бөлісу:
Республика бойынша көктайғақ пен тұман болады –  Қазгидромет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 ақпан аралығында Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында – жаяу бұрқасын болып, ауа райы нашарлайды, сондай-ақ көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады. 

Осы кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы