"Бүкіл ауыртпалық менің мойнымда". Байжановтың әйелі мәлімдеме жасады

26 Маусым 2024, 17:03
8410
Бөлісу:
"Бүкіл ауыртпалық менің мойнымда". Байжановтың әйелі мәлімдеме жасады
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Астана өткен сот процесінде Байжановтың әйелі Айнұр Көлдеева күйеуіне қатысты үкімді жоққа шығарып, қайта қарау керегін айтты, деп BAQ.KZ тілшісі.

Айнұр Көлдеева Байжановты бұлай соттайтындай дәлел жоқ екенін айтады.

Байжанов екеуміздің кішкентай балаларымыз бар. Байжанов - отбасымыздың жалғыз асыраушысы. Ол қазір дәлелденбеген айыбы үшін темір тордың артында отыр. Қазіргі таңда өзім декреттік демалыста жүрмін, жұмысқа шығуға мүмкіндігім жоқ. Біздің несиелеріміз бен ипотекамыз бар. Биыл біздің үлкен ұлымыз мектепке барады. Бүкіл қаржылық шығындар, балаларды тәрбиелеу секілді ауыртпалықтар менің мойныма түсті. Жақында біздің үлкен ұлымызға екі рет ота жасалды. Оған үнемі күтім жасау қажет. Осыған байланысты сіздерден үкімнің толық көлемде күшін жоюды және істі жаңа сот талқылауына жіберуді сұраймын, - деді Айнұр Күлдеева.

Айта кетейік, Астана қаласында Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Сот отырысы барысында экс-министрдің адвокаты "Қатыгездікпен өлтірді" дегенді алып тастау қажет екенін алға тартты.

Сондай-ақ ол Бишімбаевтың сотында 20 шақты заңбұзушылыққа жол берілгенін айтты.

Бұдан бөлек сотта Бишімбаевқа сөз берілді. Ол сот шешімі алдын ала шығарылып қойған деп есептейді.

Сонымен қатар отырыс барысында Бақытжан Байжанов та сөйледі. 4 жылға бас бостандығынан айырылған Байжанов "заңсыз сотталдым" деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы