Бүгіннен бастап студенттердің шәкіртақысы өсті

Бөлісу:
Бүгіннен бастап студенттердің шәкіртақысы өсті
Фото: Арман Мухатов

Бүгіннен бастап еліміздегі студенттердің шәкіртақысы өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Колледж студенттері үшін стипендия 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрады. 

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы – 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңгеге дейін көбейді. 

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді. 

Магистранттар мен докторанттар үшін стипендия 15%-ға өсті: 107 061 теңге және 240 000 теңге болды.

Өзгелердің жаңалығы