Бүгіннен бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді

Кеше, 15:35
1241
Бөлісу:
Бүгіннен бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді
Фото: BAQ.KZ - архив

Бүгіннен, яғни 4 желтоқсаннан бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған заң күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты. 

ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың мәлімдеуінше, бұл өзгерістердің негізгі мәні автоматты түрде тіркеу жүйелерімен анықталатын түзу сызықты учаскелерде "орташа жылдамдықтан" асып кеткені үшін жауапкершілікті енгізу. 

"Орташа жылдамдық" жүріп өткен жолды сол жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл рұқсат етілген "орташа жылдамдықтан" асып кетуіне байланысты 5-тен 40 АЕК-ке дейін болады. Яғни жолдардың әртүрлі учаскелерінде "орташа жылдамдық" әртүрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі, - деді Ақтоты Боранова. 

Оның сөзінше, бұл жаңалық талдауды ескере отырып енгізілді, себебі қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуінің салдарынан көз жұмған. 

Осы өзгерістерге байланысты ІІМ жол жүрісіне қатысушылардың барлыған қағидаларды сақтауға және басқа қатысушыларды құрметтеуге шақырады. Жолдағы қауіпсіздікті арттыру – бұл ортақ міндет, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.

Өзгелердің жаңалығы