Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477-482 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 478,7 - 481,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 477 – 482 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 476, 27 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 41 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,33 - 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,30 -5,50 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 5 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,42 теңгеге қымбаттап, 476,83 теңге болған.
Оқи отырыңыз: