Бүгінде ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс? сарапшы пікірі

28 Ақпан 2022, 19:10
2032
Бөлісу:
Бүгінде ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс? сарапшы пікірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Доллар бағамы көтеріліп жатқан кезде қомақты ақшаны қайда сақтаған жөн?

Экономист маман Бауыржан Ысқақов кеңес берді.

Қолыңызда қомақты қаражатыңыз болса, оны долларда сақтағаныңыз жөн. Бүгінде әлемдегі саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты теңгенің құны түсіп келеді. Қазіргі жағдайға байланысты көбі жылжымайтын мүлік сатып алуда. Өйткені жылжымайтын мүлік бағасы қандай жағдай болмасын өз бағасын ұстайды. Сол себепті көптің көздеген пәтер алуы дұрыс шешім деп ойлаймын, - дейді сарапшы.

Сонымен қатар Бауыржан Ысқақовтың айтуынша, бүгінде Қазақстан ең маңызды экономикалық әріптес екі мемлекеттің ортасында қалып отыр.

Біз үшін Ресейдің ықпалы жоғары. Олармен біз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ретінде және ҰҚШҰ-ға құрамында болғандықтан қай кезде де біргеміз. Ол мемлекетке салынған қандай да санкциялар бізге жанама түрде болсын әсер етеді. Мұның кесірі ел бюжетінің кіріс бөлігін азайтуы ықтимал. Өйткені біздің тауарларымызды тұтынып отырған батыс мемлекеттері оған шектеу қоюы мүмкін. Сол себепті біздің алдымызда үлкен таңдау тұр. Экономикамыз тығыз байланыста. Екі мемлекеттің қақтығысы Қазақстан үшін тиімсіз,- деді экономист Бауыржан Ысқақов. 

Өзгелердің жаңалығы