«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Қабанбай батыр даңғылын орташа жөндеу шеңберінде Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысында жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлады.
Осыған байланысты 9 маусым сағат 22:00-ден осы жылдың 10 маусымы сағат 22: 00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген хабарламада.