Бүгін Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялайды

Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетіледі.

 Ақорда 6 Сәуір 2024 2024, 12:16
6 Сәуір 2024 2024, 12:16
39422
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайды. Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетіледі, - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Наверх