Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – желдің болмауы немесе баяу соғуы, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.

 pixabay 14 Қазан 2026, 08:10
14 Қазан 2026, 08:10
171
Фото: pixabay

14 қазанда Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Осыған байланысты тұрғындарға ауа райы факторларын ескеріп, күнделікті қозғалысын жоспарлау ұсынылды.

Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау, Астана, Қарағанды, Қостанай және Теміртау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – желдің болмауы немесе баяу соғуы, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.

Соның салдарынан елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауадағы ластану деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы. Атап айтқанда, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы және температура маңызды рөл атқарады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде мамандар мынадай кеңес береді:

  • Таза ауада болу уақытын қысқарту. Әсіресе автомобиль жолдарының және басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеген жөн. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.

  • Созылмалы аурулары бар адамдарға сақ болу. Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратындар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

  • Дене жүктемесін шектеу. Ашық ауада қарқынды жаттығулар жасамаған дұрыс. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу ұсынылады.

 
 
Наверх