Бүгін тек екі қалада ауа сапасы нашаралауы мүмкін

13 Шілде 2022, 08:07
932
Бөлісу:
Бүгін тек екі қалада ауа сапасы нашаралауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 шілдеде Қазақстанның қалаларында жалпы қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сәрсенбі күні атмосфералық ауа сапасы тек Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы