Бүгін тек 1 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

12 Шілде 2022, 07:30
1334
Бөлісу:
Бүгін тек 1 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 шілде, сейсенбі күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сейсенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Ақтөбе қаласында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы