12 маусым таңертең Семей және Алматы қалаларында қонақүй өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласында өрт сөндірушілер қонақүйдің үшінші қабатындағы өртті жойған. 5 шаршы метр аумақта 3-қабаттағы бөлмеде өрт құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 22 минут ішінде жойылды.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Ал таңғы сағат 06:30 шамасында Алатау ауданында өрт сөндірушілер қонақ үйлердің біріндегі өртті сөндірді.
Оқиға толығырақ нақтылануда, - деп атап өтті ведомстводан.
Шақырылған сәттен бастап 45 минут ішінде өрт оқшауланды.
Зардап шеккендер жоқ.