2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан – «Радио күні» болып жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанда алғашқы радио 1921 жылдың қазан айында хабар таратқан. Осы тарихи негізді алға тарта отыра Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды «Радио күні» деп жариялауды ұсынған болатын.